Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 қараша

Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды, деп хабарлайды KAZINFORM.

Науқан жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Осылайша, Қазақстан жаһандық деңгейде де, ұлттық деңгейде де қандай болмасын зорлық-зомбылықты жоюға әрекет жасады. Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото