- Барлық ақпарат
Қазақстан 2026 жылдан бастап 100 млн тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отыр
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 қараша
Қазақстан 2026 жылдан бастап 100 млн тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отырғанын мәлім етті Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі.
«Мұнай-газ кешенінде елдің дамуында республика бойынша мұнай өндірудің 65%-ды құрайтын үш ірі кен орны маңызды рөл атқарады. Жобаларға жалпы тікелей инвестициялар игеру басталғаннан бері шамамен $185 млрд құрады. Болжам бойынша 2026 жылдан бастап ірі жобаларды іске асыру есебінен мұнай өндірудің жыл сайынғы көрсеткіштері 100 млн.тоннадан астам көлемде күтілуде», деп мәлім етті министр.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online