«Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 қараша

ҚР Жетісу облысы Панфилов ауданында ұзындығы 32 шақырым болатын автомобиль жолының негізгі учаскесі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды NEGE.

«Нұр жолы» кеден бекетіне, «Қорғас» ХШЫО-ға, Алтынкөл станциясына, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ға баратын автокөліктер легі дәл осы жол арқылы жүреді.

Облыс әкімдігінің дерегіне сәйкес, өңірде республикалық маңызы бар автожолдарды қайта жаңғыртуға бағытталған ірі жобалар іске асырылуда. «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар жол пайдалануға берілді. Жуырда «Талдықорған – Үшарал» автожолын қайта жаңарту аяқталады, ондағы жұмыстар 98%-ға орындалды, нысанды толық аяқтау 2024 жылдың соңына жоспарланған. Сондай-ақ, Республикалық маңызы бар «Сарыөзек – Көктал» және «Айдарлы-Көктал» автожолдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото