- Барлық ақпарат
Қазақстан фермерлерден астық сатып алуға 10 млрд теңге бөлді
Қазақстан фермерлерден астық сатып алуға 10 млрд теңге бөлді деп жазды ҚазАқпарат.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ ҚР Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2024 жылғы 18 қарашадан бастап тікелей астықты сатып алу бағдарламасына қатысуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өтінімдерді қабылдауды бастады. Бұл мақсаттарға 10 млрд теңге бөлінеді. Ең алдымен, астық сатып алу шағын шаруа қожалықтарының өз өнімдерін әділ бағамен өткізуін қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады. Бағдарламаның нәтижесінде шағын және орта ауыл шаруашылығы субъектілері мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана алады. Сондай-ақ, артық астықты сатып алу тетігі ішкі нарықтағы баға конъюнктурасына делдалдардың ықпалын барынша азайтады», - делінген ҚР министрлігі баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы белгіленген стандарттар мен сапа талаптарын сақтай отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің астығын бәсекелестік шарттарда сатып алады.
Барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында фермерлердің өтінімдерін қарау облыстардың Үйлестіру кеңестерінің қатысуымен жүргізіледі.
people.cn © People's Daily Online