Қазақстан 2026 жылы Өңірлік Климаттық саммит өткізеді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 15 қараша

2024 жылғы 13 қарашада Әзербайжанның астанасы Баку қаласында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында (СОР29) Qazaqstan павильонында «Климаттық диалог: 2026 жылғы өңірлік rлиматтық саммитке барар жолда» атты алғашқы іс-шара өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Аймақтық Климаттық саммит климаттың өзгеруіне қарсы күрес бойынша бірлескен стратегиялар мен шешімдерді әзірлеуге арналған алаң болады. Қазақстан ашық және сындарлы диалог үшін жағдай жасауға, сондай-ақ озық тәжірибелер мен инновациялармен алмасуға жәрдемдесуге ұмтылады.

Саммитті өткізу бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында жариялады.

Аймақтық Климаттық саммит - климаттық сын-қатерлермен күресуге көмектесетін тиімді және бейімделгіш шешімдерді әзірлеуге бағытталған Климаттық саясат саласындағы ынтымақтастықтың жаңа дәуірінің басталуы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото