- Барлық ақпарат
Алматыда Абай ұлттық мектебі ашылады
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 14 қараша
Келер жылдың күзінде Қазақстанның Алматы қаласында Абай ұлттық мектебі ашылады. Бұл туралы Алматыда өткен мектептің іргетасын қалау шарасында белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиынға ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Дулат Тастекей, академик Асқар Жұмаділдаев тағы да басқа азаматтар қатысты.
Аталған мектеп қазіргі таңдағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатының орнын баспақ.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online