Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан жасыл энергияны өндіру және беру саласындағы стратегиялық серіктестік келісіміне қол қойды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 14 қараша

СOP29 Дүниежүзілік климат саммитінің аясында мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев, Ильхам Әлиев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы жасыл энергияны өндіру және беру саласындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды KAZINFORM.

ҚР Мемлекет басшысы айтулы оқиға орнықты дамуға ортақ ұмтылыс тарихының жаңа парағын ашқанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, көміртегі бейтараптығына жетуді көздейтін Қазақстан үшін жасыл энергетика маңызды бағыт саналады.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев бүгінгі келісімдер үш мемлекет арасындағы бауырластық қатынастар мен стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге шығаратынын атап өтті.

Өзбекстан Президентінің пікірінше, келісім экономикалық мақсатты ғана көздемейді, бұл – болашаққа қосылған ортақ үлес.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото