Бокстан Азия чемпионаты Тайландта өтетін болды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 қараша

Азия бокс конфедерациясы 2024 жылғы Азия чемпионатының өткізілетін орнын өзгерту туралы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.

Оlympic.kz-тің жазуынша, алғашында турнир Иорданияның Амман қаласында өтуі жоспарланған еді. Бірақ ресми мәліметтер бойынша, биылғы жылы чемпионат Таиландтың Чиангмай қаласына өзгертілген.

Жарыс бұрын белгіленген күндерде, яғни 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.

Cоңғы рет Таиланд Азия чемпионатын 2019 жылы қабылдаған еді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото