Тоқаев: Қазақстан «көміртекті егіншілікке» қолайлы мемлекет

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 қараша

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Sputnik.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы аясында өтіп жатқан климат саласындағы іс-қимыл жөніндегі әлем көшбасшыларының саммитіне қатысты.

Қазақстанның Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға көшу маңызды екенін жеткізді.

Қазақстан «көміртекті егіншілікке», яғни ауаға таралатын парниктік газдардың мөлшерін азайту және топырақты құнарландыру арқылы ауыл шаруашылығын жүргізу әдістерін енгізуге қай жағынан да қолайлы мемлекет.

Бұған Қазақстандағы ауыл шаруашылығына жарамды 200 миллион гектар жер мүмкіндік береді. Президент қызығушылық танытқан тараптарды Қазақстанның осы саладағы әлеуетін зерттеуге шақырды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото