- Барлық ақпарат
Алматы облысында әйнектен аспалы көпір салынады
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 қараша
Алматы облысындағы Қара шатқалға ұзындығы 170 метрлік әйнек көпір салынады, деп хабарлайды KAZINFORM.
1, 5 млрд теңгені құрайтын жоба 2025 - 2026 жылдары жүзеге асады деп күтіліп отыр.
««ASK Capital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қара шатқал туристік аймағына аспалы көпір салуды жоспарлауда. Жобаның құны – 1,5 млрд теңге. 50 жаңа жұмыс орны құрылады. Жобаны іске асыру кезеңі – 2025 - 2026 жылдары», - деп хабарлады облыс әкімдігінен.
Бұдан бөлек, туристік аймақты дамыту үшін Қара шатқалға электр желісін жүргізуге 87,0 млн теңге бөлінді. Қазіргі кезде «Қара шатқал» ЖШС-гі 400,0 млн теңге инвеститция тартылды.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online