- Барлық ақпарат
«Жасыл арна» көмегімен Қытайдың көкөністері мен жемістері Қазақстанға 24 сағат ішінде жетеді
11 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қорғас порты – Қытайдың Орталық Азия мен Еуропаға шығатын батыс қақпасы. Күн сайын жаңа піскен жемістер мен көкөністерге толы жүк көліктері осы портқа келіп, небәрі 1 сағатта Қытай мен Қазақстан арасындағы кеденнен өтіп, өнімдер сол күні қазақстандық тұтынушылардың дастархандарының сәнін келтіре алады.
«Жылдам кедендік рәсімдеу көкөністер мен жемістердің зақымдануын айтарлықтай азайтып, шетелдік тұтынушылар үшін өнімнің бұзылып кетпеуіне қолайлы жағдай жасайды,- деді Қорғастағы бір ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау компаниясының бас менеджерінің орынбасары Сян Ян.
Сян Яннің айтуынша, оның ұйымы экспортталатын көкөністер мен жемістер кедендік декларацияны тапсырғаннан кейін 4 сағаттың ішінде көршілес елдердің нарығына шығып үлгіреді. Биылдың басынан бері оның компаниясы құны 1,4 миллиард юань (шамамен 196 миллион АҚШ доллары) болатын көкөніс пен жеміс экспотап, 180%-ға өскен.
Кедендік статистикаға сәйкес, 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қорғас портындағы жүк айналымының көлемі 10,2% өсті. Жылдық өнім 34,26 миллион тоннаға жетті, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік импорт-экспорты айтарлықтай өсті.
people.cn © People's Daily Online