- Барлық ақпарат
Қатты желден Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалды
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 8 қараша
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана тұрғындарынан жарықпен қамтуға қатысты өтінімдер келіп түсіп жатыр деп жазды ҚазАқпарат.
«Қазір апаттық қызмет мамандары Сарыарқа және Алматы ауданында 10 кВ жарық желілерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. (Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының оң жағы). Қолайсыз ауа райының салдарын жедел жою үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қазір 12 жедел және 12 жөндеу бригадасы жұмыс істейді, 2 арнайы техника жұмылдырылды», — делінген хабарламада.
Айта кетсек, Астанада қатты жел тұрғындарды әбігерге салып жатыр.
Бүгін Қазақстанда бірінші ауысымда оқитын 0-7 сынып оқушылары онлайн форматта оқыды.
Бұдан бөлек Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқып жатыр.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online