2025 – 2025 жылғы азияның ең үздік университеттер жаңа рейтингіндегі Қазақстан университеттерінің орны

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 8 қараша

QS World University Rankings рейтингі 2004 жылдан бері жүргізілуде, оған қазақстандық жоғары оқу орындары 2011 жылдан бері қатысып келеді деп жазды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

QS World University Rankings әлемдегі үздік университеттердің флагмандық рейтингінде қазақстандық ЖОО-лардың саны соңғы төрт жылда екі еседен астам өсті, ал соңғы үш жылда 14-тен 21 университетке дейін бір жарым есеге өсті.

Пәндік рейтингтерде қазақстандық жоғары оқу орындарының саны төрт жылда төрт есеге өсті (2 жоғары оқу орнынан 8 университетке дейін). QS Sustainability Rankings тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы әлемнің үздік университеттерінің рейтингі ерекше орын алады, оның соңғы шығарылымында бірден 12 қазақстандық ЖОО дебют жасап, «Басқару моделі» индикаторы бойынша барынша сенімді нәтижелерді көрсетті.

QS Stars бағдарламасына қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындарының саны соңғы үш жылда 22-ге дейін өсті. Бұл бағдарлама бедел мен ғылыми өнімділіктен инклюзивтілікке және орнықты дамуға қосқан үлесіне дейін әр университеттің ерекше мықты жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін тәуелсіз аудит нәтижелерінің арқасында Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына шет елдерден дарынды студенттер мен оқытушыларды тарту бойынша жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

2024 жылғы қыркүйекте QS Global MBA Rankings үздік MBA бағдарламаларының рейтингтері жарияланды, онда 2016 жылдан бері алғаш рет қазақстандық жоғары оқу орындарының қатысуы бірден үшке дейін артты.

Сондай-ақ Қазақстан QS Best Student Cities Rankings әлемнің үздік студенттік қалалары рейтингінде ұсынылған, оған Қазақстанның екі қаласы – Астана және Алматы кіреді.

Жоғарыда аталған рейтингтердің соңғы екеуінде – QS Global MBA Rankings және QS Best Student Cities Rankings – Орталық Азия елдерінен тек Қазақстан ғана ұсынылған.

2025 жылғы Азияның үздік университеттерінің жаңа рейтингі QS Asia University Rankings 2025 құрамына 35 қазақстандық ЖОО кіреді, бұл ел тарихындағы жоғары білімнің абсолютті рекорды болып отыр.

Қазақстанның жетекші үш жоғары оқу орны рейтингтің бірінші жүздігінде тұр, оған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және қазір 89-орында тұрған Satbayev University кіреді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото