- Барлық ақпарат
Қытай мен Қазақстан жалпы құны $2,5 млрд болатын келісімге қол қойылды
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты деп жазды ҚР Премьер-министрінің ресми ақпарат ресурсы.
Дөңгелек үстел жұмысына металлургия, энергетика, машина жасау және автомобиль өнеркәсібі, көмір химиясы, агроөнеркәсіп кешені, фармацевтика және басқа да салалар бойынша көшбасшы компаниялар өкілдері қатысты.
Экономиканың басым салаларында бірлескен жобаларды дамыту перспективалары қаралды. Кездесуге қатысушылар ҚР мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық әріптестік артып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде Қазақстанда 5 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істеп келеді.
Кездесу нәтижесінде жалпы сомасы $2,5 млрд болатын 8 коммерциялық келісімге қол қойылды.
people.cn © People's Daily Online