Харбиньдегі қар-мұз әлемі осы қыста 1 миллион шаршы метрге дейін кеңейеді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 қараша

4 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында тілшінің алған мәліметіне сәйкес, 26-ншы Харбинь қар-мұз әлемі желтоқсан айының ортасында ашылады деп жоспарланып отыр. Оның жалпы ауданы 1 миллион шаршы метрге дейін кеңейіп, қар-мұздың жалпы көлемі 300 000 текше метрді құрайды екен. Сөйтіп ол тарихтағы ең үлкен қар-мұз тақырыптық саябағына айналады.

Биылғы жылы Харбинь қар-мұз әлемі саябағының дизайны мен құрылысы қысқы Азия ойындарының элементтерін толығымен біріктіреді. Ұзындығы 105, ені 68 метр болатын футбол алаңы бойынша есептесе, қар-мұз әлемінің ауданы 140 футбол алаңына тең келеді.

Қазіргі уақытта Харбинь қар-мұз әлемі – Армандағы қар-мұз залы көпшілікке ашылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото