Газадағы қаза болғандар саны 43 341-ге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 қараша

2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторындағы шабуылынан қаза тапқандар саны 43 341-ге жетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Израиль армиясының Газа секторының әртүрлі аймағында жасаған «төрт қырғын» нәтижесінде тек соңғы 24 сағатта 27 адам қаза тапты. Сонымен қатар Палестина анклавының 86 тұрғыны зардап шекті.

– 2023 жылдың 7 қазанынан бері зардап шеккендердің жалпы саны 102 105-ке жетті, - деп хабарлады Палестина Денсаулық сақтау министрлігі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото