- Барлық ақпарат
Испаниядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 158 адамға жетті
Испанияда нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 158-ге жетті.
Ақпаратқа сәйкес, Валенсия автономиялық қауымдастығында сейсенбі күні кештен сәрсенбіге дейін аймақта болған су тасқыны кем дегенде 155 адамның өмірін қиған. Ал Андалусия мен Кастилия-Ла-Манчада тағы үш адам қаза тапқаны хабарланды.
Испания премьер-министрі Педро Санчес бейсенбі күні Валенсиядағы үйлестірілген және біріктірілген операциялар орталығына барып, қатты жаңбыр мен су тасқынына себеп болған төтенше ауа райы жағдайы «әлі де қауіп төндіріп тұрғанын» ескертті.
Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте нөсер жаңбырдан екі туннель опырылып, пойыз жолдарын зақымдағаннан кейін Валенсия мен Мадрид арасындағы жүрдек пойыз қатынасы кем дегенде екі аптаға тоқтатылатынын мәлімдеді.
people.cn © People's Daily Online