Қазақстанда 47,2 млн тонна жем дайындалды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 31 қазан

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жем-шөп өндірісін дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жемшөп дақылдары үшін суармалы жерлердің алаңдарын кеңейту, жем-шөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ведомство жем-шөп өндірісін дамытудың Жол картасы бойынша жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылы өңірлердің деректері бойынша жем-шөп дақылдарының егістік алқаптары 3,2 млн.гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жем-шөп үлесі шамамен 14%–ды құрады (2023 жылы-13%).

24,5 млн.тонна шөп (бір жарым жылдық – 36,7 млн. тонна), пішен - 1,7 млн. тонна, сабан – 4,6 млн. тонна, концкорм – 5,5 млн. тонна және сүрлем – 2,0 млн. тонна дайындау жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 30 қазандағы жағдай бойынша 33,3 млн.тонна көлемінде шөп немесе бір жарым жылдық жоспардан 90,7%, 2 млн тонна пішен немесе жылдық жоспардан 117,6%, 4,8 млн тонна құрама жем (86,2%), 2,3 млн тонна сүрлем (117,4%) және 4,8 млн тонна сабан дайындалды (103,8%).

Жалпы, Қазақстанда жемшөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото