- Барлық ақпарат
«Шэньчжоу-19» ғарыш кемесінің үш ғарышкері Қытай ғарыш станциясына сәтті кірді
30 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың ғарышқа адам алып ұшу инженерия басқармасының мәліметіне сәйкес, басқарылатын ғарыш кемесі мен ғарыш станциясының комбинациясы автономды және жылдам түйістіріліп қондырылғаннан кейін, «Шэньчжоу-19-дың» ғарышкерлер экипажы ғарыш кемесінің қайтару модулінен орбиталық кабинаға кірді. Бейжің уақытымен 2024 жылы 30 қазан күні 12:51-де орбитада қызмет атқарып жатқан «Шэньчжоу-18» ғарышкерлер экипажы «үй есігін» сәтті ашып, алыстан ат артып келген «Шэньчжоу-19» ғарышкерлер экипажын Қытай ғарыш станциясына қарсы алды. Алты ғарышкер «Тяньгунда» бас қосып, Қытайдың ғарышқа ұшу тарихындағы 5-інші «ғарыштық кездесуді» аяқтады.
Болашақта ғарышкерлердің екі экипажы ғарыш станциясында орбита алмастыруды орындайды. Осы кезеңде алты ғарышкер белгіленген әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін ғарыш станциясында шамамен 5 күн бірге жұмыс істейді және бірге тұрады.
people.cn © People's Daily Online