Қазақстан мен Моңғолия президенттері стратегиялық әріптестік орнату туралы декларацияға қол қойды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 қазан

Моңғолия Президенті Ухнаа Хурэлсухтың шақыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 28 – 29 қазан аралығында Моңғолияға мемлекеттік сапар жасады, деп харарлайды akorda.kz.

Тараптар Қазақстан Республикасы және Моңғолия арасындағы достық қарым-қатынастар мен саясат, сауда, экономика, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, білім беру, мәдениет және туризм сияқты түрлі салалардағы ынтымақтастықтың кеңеюін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық алаңдар шеңберіндегі ынтымақтастықты тереңдетуді құптады.

Тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес және тәуелсіздік, егемендік, теңдік, аумақтық тұтастық, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларын құрметтеу негізінде Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды тереңдету екіжақты деңгейде ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия өңірінде және халықаралық деңгейде бейбітшілік пен орнықты дамуды нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру туралы шешім қабылдады.

Тараптар стратегиялық әріптестікке негізделген келесі бес негізгі бағыт бойынша ынтымақтастықты тереңдету туралы шешім қабылдады: 1. Саясат, қауіпсіздік және қорғаныс; 2. Сауда және экономика; 3. Білім беру, мәдениет, ғылым және ақпараттық технологиялар; 4. Көлік, логистика, туризм және адамдар арасындағы алмасу; 5. Өңірлік және халықаралық алаңдардағы ынтымақтастық.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото