Хотан, Шыңжаң: құм ішіндегі күріш атызында егін жиналды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 қазан

25 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңның Хотан қаласында жылыжайлар ұзыннан ұзын сары құмға орналасқан. Ауылшаруашылық индустриалды паркінде өсімдік зауыты бар. Мұндағы үш қабатты өсіру сөресіндегі күріштер «ғимаратта» тұрады. Аудан бірлігіне шаққандағы өнім айтарлықтай артып келеді.

Қытай Ауылшаруашылық ғылымдары академиясы Қалалық ауыл шаруашылығы институтының бас ғылыми қызметкері Ян Цичан ғылыми-зерттеу тобын басқарып, жылдам өсіру әдістері арқылы күріштің жетілу мерзімін екі есе қысқартты. Әрі мезгілге қарамастан жыл бойына үздіксіз өсіруде технологиялық жетістіктерге қол жеткізді.

«Болашақта біз Гоби шөліндегі азық-түлік дақылдарының тиімді өндірісін шөлдегі жылыжайлар арқылы және жаңа технологияларды қолдану бойынша зерттей аламыз»,- дейді Ян Цичан.  Хотанда көптеген жылыжайлар шөлді жерлерге салынған. Мұнда құрылыс шығындары төмен және күн сәулесі ұзақ түседі. «Біз табиғи жарықты барынша пайдалана отырып, жылуды сақтаймыз, сонда температураны ұстап тұру үшін көмір жағудың қажеті жоқ», -деген Ян Цичан Хотан шөлі өте тамаша сынақ алаңы екенін жеткізді. Екі жылдан аса жүргізілген тәжірибеден кейін команда шөлдегі жылыжай жағдайында күріштің тез өсуінің негізгі мәселесін еңсерді. Мыңдаған гектар шөлдегі ауылшаруашылық индустриалды паркінде қазіргі уақытта 4 өсімдік зауыты жұмыс істейді. Тілші күріштен басқа өсіп келе жатқан жүгері, қызанақ, мергия сияқты түрлі дақылдарды да көрді.

Енді Ян Цичан және оның ғылыми-зерттеу тобы шөлді жылыжайларда соя, жүгері және бидай сияқты негізгі азық-түлік дақылдарын, сондай-ақ рапс, мақта және жоңышқа сияқты дақылдарды жылдам өсірудің негізгі технологияларын зерттеуді жалғастыруда. Бұл болашақта жылыжай дақылдарын жылдам өсіруге және тиімді өндіруге ғылыми-техникалық тірек болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото