Тарым өзені жағалауындағы тораңғы орманның көркем көрінісі

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 қазан

25 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Күздің соңы - Шыңжаңдағы Тарым өзені жағалауындағы тораңғы орманды тамашалаудың ең жақсы маусымы.

Тарым өзенінің ең соңғы ағыс нүктесінде Тайтэма көлі орналасқан. Еліміз 2000 жылдан бастап Тарым өзенінің төменгі ағысына экологиялық су жіберуді қатарынан 20-дан аса рет жүзеге асырды. Экологиялық су өзеннің төменгі ағысының жағалауындағы тораңғыны өркендетіп, Такламакан мен Құмтағ шөлінің бірігуіне тосқауыл болады және Тайтэма көлінің маңындағы 30 мың гектардан астам ұлттық қоғамдық игілік орманын жандандырады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото