Шетелдік БАҚ өкілдері Хоххоттағы сүт базасында: «Бұл мен ішкен ең дәмді сүт»

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 қазан

25 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Шүмектен сүт алып көріп пе едіңіз? 22 қазанда «Бір белдеу, бір жол» жастар достық алмасу іс-шараларына қатысқан Еуразия мен Араб елдерінен келген тілшілер Хоххоттағы ең танымал орын «Көк қала сүт станциясына» барып, жаңа сауылған сүттің дәмін татты. Қытайдың сүт орталығы саналатын Хоххот өзінің тамаша табиғи жағдайымен, бай сүт көздерімен, озық өндіру және өңдеу технологиясымен тұтынушыларды жаңа және құнарлы сүтпен қамтамасыз етіп келеді.

Кувейт ақпарат агенттігінің бұрынғы бас редакторы Муна Хисситтал сүт базасына қуанышпен кіріп, үлкен бөтелкемен сүт алды. Бір бөтелке жаңа сүтті толтырғаннан кейін, ол асыға дәмін татып, бас бармағын көтерді. «Мен сүт ішкенді жақсы көремін. Бұл мен ішкен ең дәмді сүт. Мен әдетте Швейцариядан, Нидерландыдан және Франциядан келген сүтті ішемін, бірақ мынаның дәмі олардан жақсы», - деді ол.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото