25-28 қазан аралығында Нинсяның Иньчуань қаласында 11-інші Қытай-Орталық Азия ынтымақтастық форумы өтіп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 қазан

25 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жылдың 25-28 қазаны аралығында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының тату көршілік достық және ынтымақтастық комитеті мен Нинся Дүңген автономиялық регионы халық үкіметінің бірігіп ұйымдастыруымен 11-інші Қытай-Орталық Азия ынтымақтастық форумы өтіп жатыр.

Форумның ашылу салтанатынан кейін, жасыл индустрияны дамыту, заманауи ауыл шаруашылығы және ғылыми-технологиялық инновациялар, достық қалалық ынтымақтастық және мәдени алмасулар, аймақтық ынтымақтастық бойынша төрт параллельді кіші форумдармен өткізіледі. Сонымен қатар, Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығының жетістіктері туралы фотокөрме, Қытай-Орталық Азия жастар достығы орманын отырғызу, Қытай (Нинся)-Орталық Азия жастар достық серуені, Орталық Азияға тән тауарлар көрмесі мен маркетинг орталығының ашылу рәсімі, жабылу салтанаты және жобаға қол қою рәсімі өтеді. Іс-шара соңында «11-інші Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығы форумы (Иньчуань) бастамасы» жарияланады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото