- Барлық ақпарат
Қазақстанның мемлекет басшысы ҚР Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған мерекелік концертке барды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
«Астана Опера» театрында өткен салтанатты кеште Қазақстанға танымал мәдениет қайраткерлері мен түрлі шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.
Еске салсақ, Республика күніне арналған мерекелік және ресми іс-шаралар Қазақстанның барлық өңірінде және Астана мен Алматы қалаларында атап өтіледі. Қаланың әр жерінде түрлі конкурстар, көрмелер, жәрмеңкелер және басқа да мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады. 21-24 қазан аралығында мемлекеттік қуыршақ театрында «Аlmaty Рuppet Festival» II Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі өтеді. Қазақстан, Қытай, Польша, Чехия, Болгария, Грузия, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Ресейден келген әртістер көрермендерге үздік қуыршақ спектакльдерін ұсынады.
people.cn © People's Daily Online