- Барлық ақпарат
Қазақстан Ауғанстанға автокөлік экспорттамақ
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 23 қазан
Қазақстан Ауғанстанға отандық автокөліктерді жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Алматыда өткен бизнес форумы барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мәлім етті деп жазды ҚазАқпарат.
«Ауған тарапының ұсынысы бойынша, біз Қазақстанда өндірілген автокөлік құралдарын Ауғанстанға жеткізіп, кейіннен оларды Ауғанстанда қызмет көрсету орталықтарымен бірге орналастыру мәселесін қарастыруға дайынбыз»,- деді ол.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда жалпы құны 1,6 млрд доллар болатын 62 435 автокөлік шығарылды.
Серік Жұманғарин Ауғанстан делегациясының Қазақстанға сапары қорытындысына сәйкес екіжақты тауар айналымын $3 млрд-қа дейін арттыру міндеті қойылған жол картасына қол қойылғанын жеткізді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online