Робот ит Шаньдунның Тайшань тауында жүк тасымалдап, қоқыстарды тазартты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 қазан

22 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында бір топ робот ит арқаларына көтерген жүктерімен Тайшань тауының тік баспалдақтарынан шығып-түсіп, көптеген туристерді тамашалауға тартты.

Бұл робот иттер ауыр заттарды алып жүреді. Жүктің салмағына қарамастан олар «технологиялық түйе командасы» сияқты еш қиналмастан еркін жүреді.

Хабарламаларға сәйкес, бұлар Тайшан мәдени туризм тобы жылжымайтын мүлік компаниясының қоқыстарды тазарту мен жүктерді тасымалдау үшін сынақтан өткізіп жатқан робот иттер екен.

Сынаққа қатысатын робот-ит қазіргі уақытта нарықтағы ең жылдам жұмыс істейтін және технологиялық жағынан ең озық өнеркәсіптік деңгейдегі төрт аяқты роботтардың бірі. Олардың кедергілерге көтерілудегі ерекше қабілеті, керемет тұрақтылық пен тепе-теңдікті сақтауы, ауыр салмақты көтере алуы және батареяның қызмет ету мерзімі сияқты өнімділік артықшылықтары бар.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото