- Барлық ақпарат
Шаньсиден Орталық Азия елдеріне әуе жүктері арнасы ашылды
22 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 21 қазан күні Тайюань әуежайы кеденінің жергілікті бақылауымен киім-кешек және басқа да Қытайда жасалған тауарлар Тайюань Усу халықаралық әуежайынан Тяньцзинь жүк авиакомпаниясының Boeing 737-800 ұшағымен Қазақстанның Алматы қаласына жөнелтілді. Бұл Шаньсиден Орталық Азияға жүк тасымалдау бағытының ашылғанын білдіреді.
Рейс әр дүйсенбі және жұма күндері Тайюаньнан Алматыға тікелей ұшады. Тауарлар түсірілгеннен кейін Орталық Азия мен Еуропа елдеріне жіберіледі. Бірінші жүк тиелген рейсте киім-кешек, тұтыну тауарлары, машиналар мен тұрмыстық техника, қосалқы бөлшектер сияқты заттар бар. Кейінгі кезеңде Шаньсидің жергілікті өнімдерін, автомобиль бөлшектерін, жаңа энергетикалық өнімдерді, электронды өнімдер мен медициналық жабдықтар және басқа да тауарлар қоса тасымалданады деп жоспарлануда.
people.cn © People's Daily Online