- Барлық ақпарат
2024 жылғы Қытай-Латын Америкасы медиа ынтымақтастығы форумы Рио-де-Жанейрода өтті
18 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жылғы Қытай-Латын Америкасы медиа ынтымақтастығы форумы 16 қазан күні Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтті. Форумға 13 ел мен өңірден 100-ден астам БАҚ, сараптамалық орталықтар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесуге қатысқан қытайлық қонақтар Қытай мен Латын Америкасындағы бұқаралық ақпарат құралдары өздерінің коммуникациялық артықшылықтарын толық пайдалануы, өзара сенім мен өзара көмекке ықпал етуі, даму мәселелері бойынша консенсусқа қол жеткізуі, өзара байланысты нығайтуы, тең ұтысқа жеткізетін ынтымақтастықты тереңдетуі, өзара білім алмасып, өнеге алуға ықпал етуі, сонымен бірге халық жүрегінің тоғысуын алға жылжытуы керек деп айтты.
Рио-Де-Жанейродағы Бразилия Мемлекеттік ассамблеясы спикерінің орынбасары Тиа Ру өз сөзінде Қытай мен Латын Америкасы бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы тығыз ынтымақтастық ақпарат тарату платформасын қамтамасыз ететінін және шындықты шынайырақ көрсете алатынын атап өтті. Бұл қатып қалған көзқарасты бұзуға және тереңірек түсінуге ықпал етеді.
Бразилияның «Business Observer» компаниясының басшысы Маркус Оливейра Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдері барлық тарап тең ұтысқа жетуі үшін Қытаймен достық ынтымақтастықты белсенді түрде іздейді деп санайды. Бұқаралық ақпарат құралдары белсенді рөл атқарып, адамдарға Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде болып жатқан оқиғаларды көптеген қырынан, жан-жақты және объективті көрсетеді.
Бұл форумды «Халық Газеті» мен Бразилияның «Business Observer» газеті бірге ұйымдастырды. Форум барысында екінші халықаралық коммуникация «Жібек жолы сыйлығының» Латын Америкасы аймағындағы жинау рәсімі және «Тағдыры ортақ Қытай-Латын Америкасы қауымдастығы - «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу ісін» іске қосу рәсімі өтті.
Сол күні түстен кейін Рио-де-Жанейро планетарийінде Қытай-Латын Америкасы достығының фотокөрмесі ашылды. Фотокөрме бір айға созылады.
people.cn © People's Daily Online