Әлемдегі алғашқы дулыға тәрізді толық цифрлық PET Хубэй өлкесінде сәтті әзірленді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 қазан

16 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 12 қазанда репортер Хубэй өлкесінің Ғылым және технологиялар департаментінен Хубэй өлкесінде әлемдегі алғашқы дулыға тәрізді толық цифрлық PET сәтті жасалғанын білді.

PET - Альцгеймер ауруы (AD) және Паркинсон ауруы (PD) сияқты нейродегенеративті энцефалопатияны ерте бейнелеу диагностикасының алтын стандарты. Алайда қолданыстағы клиникалық PET құны тым жоғары, сезімталдығы төмен, бейімделуі әлсіз және ажыратымдылығы нашар болуына байланысты миды бейнелеу қажеттілілігінің жоғары өнімді болуын қанағаттандыра алмайды.

Хуажун Ғылым және технология университетінің Тунцзи медициналық институтына қарасты Тунцзи емханасы, Hubei Ruishi цифрлық медициналық бейнелеу технологиясы компаниясының ғылыми-зерттеу тобымен бірлесіп әзірлеген алғашқы дулыға тәрізді толық цифрлық PET Хубэй медициналық индустриясының басты жетістіктерінің бірі.

Дулыға тәрізді толық цифрлық PET-те қолданылатын жаңа технология анықтау тиімділігін 100 есе арттырады, кеңістік ажыратымдылықты екі есе арттырады және сезімталдықты 10 есе арттырады; құны екі еседен аз, бұл әлемдегі ұқсас PET жүйелерінен әлдеқайда озық; «баспен бірге қозғалатын дулыға» дизайны қозғалыс кезінде жоғары ажыратымдылықтағы динамикалық ми функциясын сәтті бейнелеуді қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта бұл құрылғы Альцгеймер ауруы бар 100 науқастың ауруын ерте диагностикалау және болжау үшін қолданылды. Оның барлық негізгі патенті бар және ол ұлттық үш санаттағы медициналық бұйымдарды тіркеу куәлігін алған дулыға тәрізді толық цифрлық PET болады деп күтіліп отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото