Қытайдың ғарыш ғылымын дамытудың 2050 жылға дейінгі жол картасы жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 15 қазан
Қытайдың ғарыш ғылымын дамытудың 2050 жылға дейінгі жол картасы жарияланды

15 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Ғылым академиясы, Ұлттық ғарыш басқармасы және Қытайдың басқарылатын ғарыштық инженерия басқармасы бірлесіп «Ұлттық ғарыш ғылымының орта және ұзақ мерзімді даму жоспарын (2024-2050)» шығарды. Құжатта үш кезеңде жүзеге асырылатын ғылыми миссияның жоспары ұсынылған: олар 2027-ге дейін, 2028-2035 жылдары және 2036-2050 жылдары.

Бірінші кезеңде, 2027 жылға дейін Қытай ғарыш станциясы жұмыс істейді, айды экипажды барлау, айды барлау жобасының төртінші кезеңі және планеталарды барлау жобасы жүзеге асырылады, маңызды халықаралық ықпалға ие бірқатар ерекше жетістік қалыптасады.

Екінші кезеңде, 2028 жылдан 2035 жылға дейін Қытай ғарыш станциясы жұмыс істеуін жалғастырады, айды экипажды барлау және айды зерттеу станциялары сияқты ғылыми миссияларды жүзеге асырып, әлемнің алдыңғы қатарында тұрған бастапқы нәтижелерге қол жеткізеді.

Үшінші кезеңде, 2036-2050 жылдар аралығында 30-дан астам ғарыштық ғылыми миссиялар көрсетіліп, жүзеге асырылады, маңызды салаларда әлемдік жетекші деңгейге жетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото