«Жаңа фермерлер» көкөністерді контейнерлерде өсіреді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 14 қазан
«Жаңа фермерлер» көкөністерді контейнерлерде өсіреді

14 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шанхайда ауылшаруашылық дақылдарын отырғызу бойынша арнайы конкурс басталды. Табиғи күн сәулесі мен кең құнарлы жері жоқ, ауа өткізбейтін 20 футтық контейнер – бұл жолғы конкурстағы ерекше жаңа отырғызу «алаңы». Жас технологиялық фермерлер тобы және олар әзірлеген интеллектуалды жүйе осы шараның басты кейіпкерлері болды.

20 қыркүйекте Шанхайда төртінші «Duoduo ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу технологиялары байқауының» финалы басталды. 6 айға созылған рекрутинг, онлайн-роуд-шоу және кәсіби сұрақ-жауап сияқты бірқатар тартысты жарыстан кейін финалға 6 қатысушы команда шықты.

Қатысушы алты команда шілде айының басында іс-шараны ұйымдастырушылар ұсынған контейнерлерді жобалауға кірісті. Қыркүйек айының соңынан бастап көкөністер тиісті модификацияланған контейнерлерде гидропоникалық жолмен өсірілді, соңғы 50 күндегі отырғызу нәтижелері бойынша жарыс есебі анықталды. Соңында өнімділігі жоғары, сапасы жақсы, өсіру құны төмен команда жеңіске жетеді.

Жарыс әдісі арқылы зерттеуді ынталандыру

«Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының дамуы осы уақытқа дейін жасанды интеллектпен, оптикамен, құрылыс өнерімен, энергетика ғылымымен және техникамен тығыз байланысты болды. Бұл енді жануарлар мен өсімдіктерді зерттеуге арналған жалаң пән ғана емес, сонымен қатар көптеген пәндердің зерттеушілері күш біріктіру арқылы жетістіктерін жалғастыратын озық салаға айналды», - деген Қытай Ауылшаруашылық университетінің профессоры және осы байқау төрешілерінің бірі Хэ Дунсян сөзін жалғастырып, «биылғы финалға солтүстік пен оңтүстіктен үш-үштен команда қатысты, олардың әрқайсысының артында бір-бір университет, ғылыми-зерттеу институты және кәсіпорын тұр, әрқайсының өңдеу жұмыстары мен отырғызу жоспарлары бір-біріне ұқсамайды», - деді.

Байқаудың бастамашысы Pinduoduo тобы болды. Pinduoduo тобының аға вице-президенті Чжу Чжэн жас таланттардың инновациялық ойлауы, ғылыми-техникалық мүмкіндіктері мен ғылыми-зерттеушілік рухы ауыл шаруашылығының жаңа өнімділігін дамыту үшін өте маңызды деп санайды. «Бұл байқау ауыл шаруашылығын дамытудың перспективалы жаңа жолын зерттеуге бағытталған. Біз барған сайын жас ғалымдарды ауыл шаруашылығы саласына қосылуға, саладағы кедергілерді жоюға, техникалық сараптаманы пайдалануға, трансшекаралық мүмкіндіктерді кеңейтуге және ауыл шаруашылығына жаңа өміршеңдік әкелуге шақырамыз», - деді ол.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото