Елге Оңтүстік Африкадан авокадоның алғашқы партиясы келді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 10 қазан

10 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қазан күні Шанхай Яншань порты Оңтүстік Африкадан елге келген авокадоның алғашқы тобын қарсы алды. Яншань кеденінен тексеруден өткеннен кейін порттан барлығы 22 тонна авокадо сәтті кірді. Оңтүстік Африка Кения мен Танзаниядан кейін Қытайға жаңа авокадо кіргізуге рұхсат алған үшінші Африка елі.

Мәліметтерге сәйкес, Оңтүстік Африка авокадосының бұл партиясы биылдың қараша айында өтетін Қытайдың 7-інші халықаралық импорт көрмесінде көрсетіледі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото