Атом электр стансасының құрылысы 10 жыл уақыт алады – Роман Скляр

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 қазан

Қазақстанда салынатын АЭС қызметін кадрмен қамту мақсатында халықаралық біліктілігі бар барлық деңгейдегі жоғары білікті маман–инженерлер пулы дайындалады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті деп жазды ҚазАқпарат.

«Орташа алғанда атом электр стансасының құрылысы 10 жыл уақыт алады. Осы уақыт аралығында кадрларды дайындау бойынша арнайы бағдарлама әзірленеді. АЭС объектісінде толығымен қазақстандық мамандар қызмет көрсетеді. Сонымен қатар халықаралық біліктілігі бар барлық деңгейдегі жоғары білікті маман–инженерлер пулы дайындалады», - деді Роман Скляр ҚР Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол мамандар АЭС-тің штат құрамында болатынын айтты.

Бұған дейін Роман Скляр АЭС құрылысы жайында саяси тәуекелдер туындаған сәтінде қарастырылатынын айтқан еді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото