Қазақстанда Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалау кеңсесі іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 7 қазан

ҚР Үкіметі жанынан Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалау кеңсесі іске қосылды, деп хабарлайды kt.kz.

ҚР үкіметінде Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалау кеңсесінің бірінші отырысы өтті, оны ҚР вице-премьері Қанат Бозымбаев басқарды.

«ҚР Мемлекет басшысы Алатау қаласын құру қарқынын жеделдету міндетін қойды. Осы аптада Премьер-Министрдің өкімімен Жобалау кеңсесі құрылды. Ол жетекшілік ететін салалар бойынша дербес жауапкершілікті айқындай отырып, жобалық тәсіл негізінде негізгі шешімдер қабылдауға арналған алаңға айналады. Қаланы құрудың алғашқы нәтижелері дәл 6 айдан кейін ұсынылуы керек. Бастапқы мәре - бүгін», - деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Жобалау кеңсесі отырысына қатысушылар заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу және инвесторлар тарту рәсімдерін жеңілдету сынды негізгі жұмыс бағыттарын анықтады.

«Шетелдік инвесторлардың негізгі тілектерінің бірі - «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету, инвестициялық цикл бойы қолдау және сервистік қызмет көрсету. Алматы облысының әкімдігі мен СІМ Инвестиция комитеті Алатауда осыған сай экожүйе құруы қажет» - деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Облыс әкімдігі резервтегі (өнеркәсіптік) «Арна» аймағында негізгі жобаларды анықтады. Қазірдің өзінде Алатауда 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, Dolce-Group, Hyundai Green Food және TBEA сияқты компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

Жақында «Alatau» АЭА-ның алғашқы қатысушыларын тіркеу күтілуде. Алматы облысы делегациясының Қытайға, оның ішінде Шэньчжэньге әлеуетті инвесторлармен кездесу үшін сапары жоспарланған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото