- Барлық ақпарат
Қазақстанда 100 жастан асқан 420-дан астам қарт адам бар
Қазақстанда 100 жасаған және одан да үлкен жастағы 423 азамат бар. Жасы ең үлкен кейуана Ұлытау облысында тұрады, ақ жаулықты әже биыл 114 жасқа толған туған күнін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әдетте, ең көп өмір сүретіндер Қазақстанның оңтүстік өңірінде көбірек деуге болады. Мәселен, Түркістан облысында 100 және одан жоғары жастағы 64 адам бар екенін айта кету керек.
Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша Қазақстанда екінші орында ең ірі қаланың бірі – Алматы. Қазір Алматы қаласында 100 жастан асқан 48 адам тұрады.
Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 38 адам тұрады.
Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны – 114 жас, Павлодар облысы – 112 жас, Түркістан облысы – 110 жас кірді.
people.cn © People's Daily Online