- Барлық ақпарат
Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 1 қазан
Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясының жоғары деңгейдегі апталығы аясында ҚР мен БҰҰ ынтымақтастығының келешегі талқыланды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясының назарында тұрған халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелері, сондай-ақ БҰҰ-ның ҚР мен өңірдегі қызметін, оның ішінде Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстандағы тұрақты даму жөніндегі Өңірлік орталығын құру шеңберіндегі бастамасы талқыланды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online