- Барлық ақпарат
Иран шахтасындағы жарылыс: қаза тапқандардың саны 50 адамнан асты
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 23 қыркүйек
Иран Ислам Республикасында көмір шахтасында жарылыс болды. Қазіргі кезде қаза тапқан адамдардың саны 50-ден асты, деп хабарлайды Sputnik.
Шахта Оңтүстік Хорасан провинциясында Табас қаласында орналасқан. 21 қыркүйекте екі блокта газ жарылды. Сол кезде B мен C блоктарында 69 жұмысшы жұмыс істеді деген ақпарат бар.
В блогында құтқару операциясы аяқталды. Ол жерден 30 адамның мәйіті шығарылды, тағы 17 адам зардап шеккен. Ал С блогында басталған операция үш-төрт сағатқа жалғасады. Қазіргі кезде жарылыстан қаза тапқандардың саны 51 адамға жетті. Бұдан бөлек, 20 адам зардап шекті.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online