Қазақстан бәсекеге қабілетті мақта сорттарын өсіруді қолға алды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 23 қыркүйек

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы қолдауымен мақтаны селекциялау жұмыстары басталды, деп хабарлайды KAZINFORM.

Жобаның негізгі мақсаты - елдің әр түрлі топырақ-климаттық зоналарында тұрақты өндірісті қамтамасыз ете алатын бәсекеге қабілетті мақта сорттарын жасау. 

24-25 сәуірде селекциялық питомниктерде әрі қарай будандастыру үшін үлгілер мен гибридті комбинациялар салынды. Жобада 33 станциялық үлгі, 26 гибридті комбинация және биологиялық питомниктен 420 үлгі қатысады. Сондай-ақ, М-4011 және М-5027 сорттарының 40 тонна элиталық тұқымын алу жоспарланған.

«Ғалымдар жаңа жасалып жатқан орташа талшықты мақта сорттары гектарынан 45-50 центнерден жоғары өнімділік беретінін және 110-117 күннен кейін жинауға болатын ерте пісетіндігін айтады», — делінген ақпаратта.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото