Қазақстанда 8 млн тоннаға жуық астық жиналды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 қыркүйек

Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 5,4 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 14,7 ц / га болған кезде 8 млн тоннаға жуық астық бастырылды. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі мәлім етті деп жазды ҚазАқпарат.

Мәселен, бидай 3,7 млн га алқапта жиналды, өнімділігі 14,2 ц/га 5,4 млн тонна бастырылды, арпа — 1,2 млн га, өнімділігі 15,8 ц/га 1,9 млн.тонна бастырылды, сұлы — 99,4 мың га, өнімділігі 14,7 ц/га 145,9 мың тонна бастырылды.

«Биылғы жылы майлы дақылдар орташа өнімділігі 10,2 ц/га 67,3 мың га алқаптан жиналды, 68,6 мың тонна бастырылды. 41,1 мың гектар алқаптан 260,4 ц/га өнімділікте 1 млн тоннадан астам картоп жиналды, көкөніс дақылдары 77,4 мың гектардан 242 ц/га өнімділікте 1,9 млн тоннаға жуық жиналды», — делінген хабарламада.

Бақша дақылдары 92,4 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 252,9 ц/га, жалпы алым 2,3 млн тоннадан асты.

Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік басқа техника жұмылдырылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото