Тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа ұшырылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 қыркүйек

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ішінде тастары бар тоғызқұмалақтың тақтасы алғаш рет стратосфера қабатына шығып, қайтадан жерге жеткізілді. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті деп жазды ҚазАқпарат.

«Ерекше айта кететін маңызды жаңалық — тоғызқұмалақ тақтасының ғарыш кеңістігіне шығуы. Ресей ғарыш агенттігімен арадағы келісім негізінде ішінде тастары бар тақта алғаш рет Көшпенділер ойындары аясында стратосфера қабатына шығып, қайтадан жерге жеткізілді», — делінген хабарламада.

Бұл іс-шара маңызды жаңалық. Өйткені тоғызқұмалақ-ғарышта болған жалғыз үстел ойыны.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото