Қытай-Орталық Азия Қоғамдық қауіпсіздік және Ішкі істер министрлерінің кездесу механизмінің бірінші отырысы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 11 қыркүйек

11 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қыркүйек күні Цзянсу өлкесінің Ляньюньган қаласында Қытай-Орталық Азия Қоғамдық қауіпсіздік және Ішкі істер министрлерінің кездесу механизмінің бірінші отырысы өтті. Жиынға Мемлекеттік Кеңестің мүшесі және Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохун қатысып, бағдарламалық сөз сөйледі. Ол Қытай-Орталық Азия саммиті мен Сиань декларациясының рухын практикалық іс-әрекеттермен жүзеге асыру, сондай-ақ Қытай-Орталық Азия құқық қорғау органдары мен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жаңа жағдайын жасау үшін барлық тараппен ынтымақтасуға дайын екенін атап өтті.

Кездесуде барлық тараптың делегация басшылары сөз сөйлеп, ынтымақтастық туралы тиісті құжаттарға бірлесіп қол қойды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото