- Барлық ақпарат
Камала Харрис пен Дональд Трамптың теледебаты қалай өтті
АҚШ президенттігіне кандидаттар Камала Харрис пен Дональд Трамп қараша айындағы сайлау алдында ABC News арнасының тікелей эфирінде сайлау алдындағы алғашқы және ықтимал жалғыз теледебатын өткізді. Пікірсайыс сайлауға екі айдан аз уақыт қалғанда өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Пікірталастың бірінші бөлігі және ABC жүргізушісі Дэвид Мьюир қойған бірінші сұрақ экономикаға арналды.
«Сіз америкалықтардың төрт жыл бұрынғыға қарағанда жақсырақ өмір сүріп жатқанына сенесіз бе?» — деп сұрады ол.
Харрис бірінші болып жауап берді және «мүмкіндіктер экономикасын» құруды жоспарлап отырғанын айтты. Ол баспана мәселесін шешуге, жас отбасылар мен шағын бизнеске көмектесуге уәде берді.
Трамп демократтар төрт жылда экономиканы жойғанын айтты, ал Харрис Джо Байденнің экономикалық бағдарламасын көшіріп алған.
«Дональд Трамп бізді Ұлы күйзеліс уақытынан бергі ең сұмдық жұмыссыздыққа ұшыратты. Біз (демократтар) жасағанның бәрі — Дональд Трамп орнатқан тәртіпсіздікті орнына келтіру», — деді Харрис.
Вице-президент Дональд Трамптың жаңа мерзімі қандай болуы мүмкін екенін көрсететін «Жоба 2025» бағдарламасына бөлек тоқталды. Демократтар өз бастамасын осы құжатқа қарсы қойып отыр.
Мыңға жуық бетті қамтитын жобаның авторы — Heritage Foundation. Оны дайындауға одақтастары атсалысқанымен, экс-президенттің өзі одан аулақ болуға тырысты.
Пікірталас кезінде экс-президент «2025 жобасын» оқымағанын және оқуға ниеті де жоқ екенін айтып, тағы да бас тартты.
Үміткерлер бір-бірін бірнеше рет өтірік айтты деп айыптады.
Пікірталастың басында Харрис көрерменнің Трамптан «көп өтірік, шағым мен жаман сөз» еститінін айтты.
people.cn © People's Daily Online