Иран президенті елінің астанасын оңтүстікке көшіруді ұсынды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 10 қыркүйек

Иран президенті Масуд Пезешкиан мемлекетінің астанасын Тегераннан Парсы шығанағы жағалауына көшіру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайлы ҚазАқпарат.

«Бізде экономикалық және саяси орталықты елдің оңтүстік жағалауына көшіргеннен басқа амал жоқ», - деді Иран басшысы.

Пезешкианның сөзінше, бүгінгі таңда Тегеран бетпе-бет келіп отырған проблемаларда өзге тәсілмен шешу мүмкін емес.

«Шикізатты оңтүстіктен және жағалаудан орталыққа жеткізіп, дайын өнім шығару және оны экспортқа шығару үшін қайтадан оңтүстікке жөнелту біздің бәсекеге қабілеттілігімізді кемітіп отыр»,-деді Иран президенті.

Сондай-ақ ол қалың көпшіліктің қолдауына ие болу үшін билік алдымен өзі бірінші қадам жасауы керек екенін атап өтті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото