Қытай интеллектуалды қосылған көліктерге арналған үш міндетті ұлттық стандартты шығарды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 қыркүйек

5 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігінен алған ақпаратына сәйкес, 4 қыркүйекте интеллектуалды көліктерге арналған үш міндетті ұлттық стандарт ресми түрде шығарылды, оның ішінде «Автомобиль көліктерінің ақпараттық қауіпсіздігіне қойылатын техникалық талап», «Автомобиль бағдарламалық жасақтамасын жаңартуға қойылатын жалпы техникалық талап» және «Интеллектуалды қосылған көлік құралының автономды жүргізу деректерін жазу жүйесі» қамтылды. Осы үш міндетті стандарт 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бұл үш стандартта автомобильдердің ақпараттық қауіпсіздігін басқару жүйесінің талаптары, сондай-ақ сыртқы байланыс қауіпсіздігі, байланыс қауіпсіздігі, бағдарламалық жасақтаманы жаңарту қауіпсіздігі, мәліметтер қауіпсіздігі және басқа да талаптар қарастырылған. Деректерді жазу шарттары тұрғысынан ол деректерді сақтау мен оқу, ақпараттық қауіпсіздік және т.б. аспектілер қарастырылған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото