- Барлық ақпарат
Қазақстанның Мемлекет басшысы халқын Конституция күнімен құттықтады
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 тамыз
Қазақстанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқын Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
«Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын! Ата заң – мемлекеттің берік тұғыры, елдің дәйекті әрі тұрақты дамуының мызғымас кепілі. Мемлекет пен қоғам өмірінің негізін айқындайтын Конституцияда азаматтардың мүддесіне, құқығы мен бостандығына айрықша назар аударылған. Сондықтан Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан барлық ауқымды өзгерістің мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту. 2022 жылғы конституциялық реформаның нәтижесінде жан-жақты демократияландыру үдерісі басталды, саяси жүйені жаңғыртуға жағдай жасалды», - делінген құттықтау мәтінінде.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online