Қытайда интернет желісін қолданушыларының саны 1,1 млрд-қа жуықтады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 тамыз

29 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Интернет желісінің ақпараттық орталығы (CNNIC) жариялаған «Қытай интернетінің дамуы туралы статистикалық есепке» сәйкес, 2024 жылдың маусымындағы жағдай бойынша Қытайда интернетті пайдаланушылар саны шамамен 1,1 миллиардқа (1,09967 миллиард адам) жетті. Статистика 2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 7,42 миллионға өсіп, интернеттің қамту деңгейі 78,0%-ға жетті.

7,42 миллион жаңа Интернет қолданушысы, негізінен 10-19 жас аралығындағы жас жеткіншектер мен «ақ самайлылардан» тұрады.

Қысқа бейнелі желілердің «жаңа құрамды тарту» қабілеті ең күшті болып тұр. Жаңа Интернет пайдаланушыларының ішінде көңіл көтеру (қызықтау) қажеттіліктері интернетке кіруге ынталандыратыны мәлім. Осы топ алғаш рет қолданған интернет қосымшаларының ішінде қысқа бейне қосымшалары 37,3%-ды құрады.

Маусым айындағы жағдай бойынша микро-скиттерді, қысқа бейнелерді және ұзын бейнелерді пайдаланушылар жалпы интернет пайдаланушыларының 52,4%-ын, 95,5%-ын, 65,2%-ын құрады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото