Қытай ірі көмір кен орынының шөгу аймақтарында күріш отырғызды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 28 тамыз

(22 тамызда Чэнь Бинь түсірген фотосурет)

28 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың оңтүстігіндегі бұрын көмір өндірген шөгу аймағында күріштің тәжірибелік сорттарын ору жұмысы аяқтады.

Көмір өндіру бетінің шөгуінен қалыптасқан сулы алқапта «су бетіне күріш отырғызу, су астында балық бағуды» жүзеге асыруға бағытталған бұл жобаны Huaihe Energy Holding Group және Аньхой Ғылым және технология университеті бірлесіп аяқтады. Жоба Аньхой өлкесінің Хуайнань қаласындағы Фэнтай ауданында орналасқан, 3 гектардан астам сынақ күріш алқабын алып жатыр.

Жобаның сынақ сорттарының бірінші партиясы бірнеше күн бұрын жиналды. Сарапшылар тобы, оның ішінде Қытай Инженерлік академиясының бірқатар академигі, далалық сапарлар мен бірқатар қатаң демонстрация арқылы жоба бойынша бағалау қорытындыларын берді: жиналған күріштің сапасы ұлттық стандарттарға сәйкес келеді, сонымен қатар күріш өсіру пилоттық егіс алқабындағы судың сапасын жақсартуға әсер етеді.

Қытай Инженерлік академиясының академигі және Аньхой Ғылым-технология университетінің басшысы Юань Лянның айтуынша, эксперимент арқылы көмір кенінің шөгу аймақтарында су үсті күрішін отырғызу мен өсірудің жүйелі технологиясының толық жиынтығы алғаш рет интеграцияланды. Жоба Қытай мен бүкіл әлем үшін көмір кенінің шөгу аймақтарын кешенді басқару саласындағы тиімді әдісті зерттеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото