Fitch агенттігі "Қазақстанның Даму банкінің" рейтингін тұрақты деп атады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 тамыз

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Қазақстанның Даму банкі» АҚ ұзақ мерзімді рейтингтері «Тұрақты» болжамымен ВВВ деңгейінде қалғанын растады, деп хабарлайды KAZINFORM.

«Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Қазақстан Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) ұзақ мерзімді эмитент рейтингтерін шетелдік және ұлттық валютадағы «BBB/Тұрақты» деңгейінде растады», - делінген хабарламада.

Fitch Қазақстанның Даму банкі елдің дамуында, әсіресе шикізатқа қатысы жоқ салаларды қаржыландыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтеді. Бұл елдің мұнай мен газ өндіруге тәуелділігін азайтуға көмектеседі.

Алдағы жылдары ҚДБ өндіріске, экологияға және инфрақұрылымға қатысты жобаларға көбірек инвестиция құюды жоспарлап отыр.

Банктің ұзақ мерзімді қарыз рейтингі де «BBB» деңгейінде расталды. ҚДБ рейтингтері елдің өз рейтингтерімен сәйкес келеді: S&P агенттігінікі «BBB» және Moody's агенттігінікі «Baa2».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото