Павел Дуров Францияда ұсталды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 тамыз

Ресейден шыққан миллиардер, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Францияда ұсталды, деп хабарлайды KAZINFORM.

Павел Дуров Париж маңындағы Ле-Бурже әуежайында ұсталған. Францияға кәсіпкер жеке бизнес-джетімен Әзербайжаннан ұшып келген дейді телеарнадан.

Бұған дейін ол Францияда іздеу жарияланған адамдар тізімінде болған.

Кейбір БАҚ тағылған айыптар бойынша ол 20 жылға дейін сотталуы мүмкін деген болжам айтып отыр.

Павел Дуров — бірнеше жылдан бері Франция азаматы. Дегенмен соңғы жылдары негізінен Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып келді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото